«ҚР Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы 2025 жылдың 13 наурызында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту ниетін негізге ала отырып, өзара ынтымақтастық туралы меморандумды жасасты.
Меморандум мақсаты- Тараптардың әрқайсысының функционалдық қызметі төңірегіндегі ортақ мүдделерді зерттеу бағыттары бойынша бірлескен және келісілген іс-шараларды, ғылыми, ақпараттық және талдау қызметі саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық. Меморандум негізінде өзара ынтымақтастықтың келесі нысандары қарастырылған:
- бірлескен ғылыми іс-шараларды өткізу: конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, сараптамалық кездесулер және басқа да іс-шаралар;
- жарияланымдар және басқа да ғылыми ақпараттармен алмасу;
- әріптестік қарым-қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді,пәрменді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту;
- ғылыми байланыстарды кеңейту;
- басқа да өзара келісілген бірлескен ғылыми қызметті жүзеге асыру;
