ҚАЗҰУ АРАБТАНУ ОРТАЛЫҒЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ислам ғылыми-зерттеу институты директоры ф.ғ.к. Төрәлі Қыдыр Еділбайұлы мен ҚазҰУ Арабтану орталығы директоры ф.ғ.д. Джубатова Баян Нұрсұлтанқызы өзара ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойды.

Т.Еділбайұлы Шығыстану факультеті оқытушылар құрамы мен арабтану орталығы ғылыми қызметкерлеріне институтымыздың қолға алған ғылыми жобалары жайлы баяндады. Институттың басты мақсаты дәстүрлі исламды ғылыми-теориялық негіздеу екенін атап өтті.

Орталық директоры Баян Нұрсұлтанқызы институт жұмысына сәттілік тілеп, ортақ ғылыми жобаларды қолға алуға ниетті екенін білдірді.

Т.Еділбайұлы орталық қорына институт жобалары негізінде басылған бірнеше кітапты сыйға тартты.

Арабтану орталығы 2000 шы жылдары ҚазҰУ дің шығыстану факультетінің жанынан ашылған. Содан бері білікті шығыстанушы, арабтанушы, парсытанушы мамандарды даярлап келеді.

Алдағы уақытта орталықпен ғылыми бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыру жолға қойылмақ.