ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Алматыда ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ғұламалар кеңесінің мүшесі,  ф.ғ.к., доцент Төрәлі Қыдыр Қазақ Ұлттық университетінің Филология факультетінде оқытушылар мен студенттерге дәріс оқыды.

«Қазақ әдебиеті және дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында өткен дәрісте институт директоры дәстүрлі рухани жазба мұраларының тарихына, тілдік және жанрлық ерекшеліктеріне тоқталды. Қазақ жазба әдебиетінің тамыры әріде жатқандығын сөз етті. Дәріс соңында оқытушылар мен студенттер көкейтесті сауалдарын қойып, ғылыми негізде тұшымды жауаптар алды.

Ұйымдастырушы Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы меңгерушісі, профессор Алуа Берікбайқызы институт директорына өз ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта да дәстүрлі ислам құндылықтары мен рухани жазба мұралары жайлы дәрістер оқуға шақырды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *