Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Адалдық жаршысы – Мұхаммед (ﷺ)» тақырыбындағы рухани мәуліт кешіне келген көрермендерге «Үміт сәулесі» және «Мақтаулы Мұхаммед» кітаптары тегін таратылды.
«Мақтаулы Мұхаммед» Пайғамбарды мадақтаған жырлар жиынтығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты «МUFTIYAT» баспасынан жарық көрген таңдаулы туынды. Бұл жыр жинағына ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мадақтаған жырлар, атап айтқанда сияр, нағт, миғражнама, мәуліт тағы басқа жырлар енгізілген. Жинақта екі дүние сардарының тарихи тұлғасы ұлықталып, әдеби бейнесі сомдалады.
Мәулітке арнап дайындалған жинаққа ортағасырлық ақындармен бірге, Жәкен Омаров, Құл-Керім Елемес, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Әлібек Шегебай, Серікзат Дүйсенғазы, Саят Қамшыгер, Ұларбек Нұрғалым, Абай Қалшабек секілді бүгінгі қаламгерлердің де өлеңдері енгізілді.